Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Oinet.kz 18-02-2026

2026 жылғы 15–22 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Screenshot_1.png

Аталған іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жанжалдардың жолын кесу, құқық бұзушылықтарға бейім тұлғаларды анықтап, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, қорғау нұсқамаларының сақталуын бақылауда, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде.

Өткізіліп жатқан акциялар мен іс-шаралар қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кез келген қудалау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған.

Татар ақыны Мұса Жәлелдің 120 жылдығына орай тағылымды кеш өтті
Қазақстан Республикасының Конституциясы: Отбасылық құндылықтар қалай қорғалған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу