Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет
Шымкент қаласы аумағындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Департамент бастығының нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 11–16 мамыр аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
Егер сіз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қандай да бір қылмыстық немесе құқық бұзушылық әрекеттердің куәсі болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.


