Этнографиялық музейге келуші туристер көп

Screenshot_13.jpg

Музейдің туризмді дамытуда алар орны ерекше. Музей арқылы туристердің өңірдің тарихымен танысады. Өткен-кеткеніне көз жүгіртіп, қаланың өзіне ғана тән аурасын сезіне алады.  Тарихы бай Түркістан қаласы музейлерден кенде емес. 

Қаладағы Әзірет-Сұлтанға жақын маңда Түркістан облысының тарихи-мәдени этнографиялық орталығы орналасқан. Музейлік экспозициясы 3800 шаршы метрді қамтитын орталық 2011 жылы ашылған. Ғимарат 3 қабаттан, 5 көрме залынан, конференция залынан, қолөнершілер шеберханасы және тарихшылардың зерттеу жұмыстарына арналған бөлмелерден тұрады.

Мұражай - жаны бар тарих деп тек мәліметтер үшін аталмайды. Мұражайда қазақтың ежелгі ғұрыптарымен таныс болуға мол мүмкіндік қарастырылған. Орталықтың басты экспонаттарының бірінде қазақ халқының хан сайлау рәсімі көрсетілген. Ол көне моңғолдық дәстүрден аса көп өзгермеген күйінде ХІХ ғасырға дейін сақталған. А.И.Левшиннің сипаттауы бойынша, «Хан сайланатын орын мен уақыт белгіленетін, онда халықтың көптеп жиналуы және әр ру-тайпа басшыларының қатысуымен кішігірім мәжіліс өткізілетін. Тақ мұрагері анықталған соң, әйгілі билер мен сұлтандар оны ақ киізге отырғызып «Хан, Хан, Хан» деп үш рет көтеретін. Хан көтерілген ақ киіз, сайлауға қатысқандарға «хан талапай» деп аталатын теберік ретінде таратылатын». «Хан тағы» жәдігері музей қонақтарын ерекше қызықтырады. Қазақтың бағзы заманғы саяси идеологиясын нақтылап көрсетуге құрылған экспонаттар өз функциясын толықтай атқарып отыр. 

Жалпы, этнографиялық музейге келуші туристер саны жылдан-жылға артуда. Олар мұнда тарихи жәдігерлер жанында ұзақ бөгеледі. Музей қызметкерлерінің айтуынша, туристер құнды тарихи жәдігерлерге зор қызығушылық танытады. Осыған орай, музейде жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтау басты назарда тұр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанды абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде
  • «Гранд Микс» 147 адамды жұмыспен қамтып отыр
  • «Түркістан» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясында 18 жоғары білімді маман қызмет етеді
  • Түркістанда «Brownfield» үлгісіндегі 2 өндірістік ғимарат салынуда
  • Түркістанда құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын өндіріс орны іске қосылады
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика