Геннадий Головкин үздік бестіктің қатарына енді

Oinet.kz 17-10-2019

Картинки по запросу геннадий головкин

WorldBoxingNews.net сайты салмақ санаттарына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін ұсынды. Бұл туралы OINET.KZ сайтының тілшісі ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тізімнің алғашқы сатысында украиналық Василий Ломаченко тұр, екінші орынға Мексика өкілі Сауль Альварес орналастырылған. Үздік үштікті АҚШ боксшысы Эррол Спенс түйіндеп тұр. 

IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жетіншіден бесінші орынға көтерілді. Еске салайық, GGG 6 қазан күні өткен титулдық жекпе-жекте украиналық Сергея Деревянченконы жеңген болатын.

Рейтингтің ТОП-ондығына енген спортшылар: 1. Василий Ломаченко 2. Сауль Альварес 3. Эррол Спенс 4. Мэнни Пакьяо 5. Геннадий Головкин 6. Наоя Иноуэ 7. Теренс Кроуфорд 8. Александр Усик 9. Хуан Франсиско Эстрада 10. Тайсон Фьюри. ⠀

Қырғызстанға баратын қазақстандықтар үшін шекарадан өту жеңілдей түседі
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға қалай баспаналы болудың жолдары айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу