Шымкентте болған атысқа қатысты кезекші прокурор пікір білдірді

Oinet.kz 30-10-2019 899

Картинки по запросу атыс

Шымкентте Арғынбеков көшесінің бойында атыс болып, бір адам қаза болды. Тағы төр адам түрлі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының өкілдері сол көліктің бірінен үлкен сомада ақша тапқан. Кейінірек атыстан бір адам қаза тауып, төрт адам Шымкент қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендер — 1989, 1987, 1996, 1984 жылғылар.

Кезекші прокурор А.Күдербековтің айтуынша, «алдын ала ақпарат бойынша, 29 қазанда шамамен сағат 17:35-те қашықтықтан басқару орталығына Ұ. Арғынбеков көшесінде орналасқан «Сүндет» дәмханасының жанында белгісіз адамдар арасында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам оқиға орнында қайтыс болған (1991 ж. К.Б.), тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Абай ауданының құқық қорғаушылары, аудан прокуроры, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары оқиға орнынан табылды.

Оқиға орнынан екі Макаров тапаншасы, бір травматикалық тапанша, аңшы мылтығы және «Сайга» мылтығы, 12 дана оқ алынды.

Тұрақ орнынан екі автокөлік — 70-ші үлгідегі «Тойота» және жол талғамайтын «Lexus RX 350» тұрған.

Әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері күміс алды
Қостанайда бірнеше мәрте пара алған бастық 6 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу