Данэлия Тулешова Қазақстанның туризм елшісі атанды

Oinet.kz 04-11-2019 715

Screenshot_4.jpg

Жас дарын енді ресми түрде туристерді елімізге тартуға үлес қосатын болады. Ең жас Туризм Елшісін тағайындау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында Жастар жылына орай ұйымдастырылған «ZhasStar» фестивалі кезінде өтті.

Салтанатты рәсім барысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Хасенов небәрі 13 жастағы Данэлияның бүгінде Қазақстанды күллі әлемге танытып жүргенін жеткізді. «Өзіңе сен» әніне түсірілген бейнебаянда Шарын каньондарының көрініс табуы еліміздегі туризмді ілгерлетуге жасалған бірден бір қадам екенін атап өтті.  

Қазақстан Республикасының Туризм Елшілері» бағдарламасы бойынша  әр саланың майталманын іске қосу арқылы біз жастарды бір нәрсеге ден қойғанын қалаймыз. Сіздерді кең байтақ еліміздің көз тоймас сұлулығына сүйсініп, өзге емес, өз жерімізді тану мақсатында саяхаттауға шақырамыз, - деп Еркебұлан Хасенов фестиваль қатысушыларына үндеу тастады.

Өз кезегінде, Данэлия Тулешова өзіне зор сенім артылғаны үшін алғысын білдірді. Қашан, қай жерде болмасын, өзіне артылған міндетті абыроймен атқаруға, яғни, туған елі Қазақстан жайлы жеткізуге тырысатынын білдірді.  

Шеттегі әр сапарымда Қазақстаннан келгенімді айтып жүремін, және өзгелердің туған еліме деген қызығушылықтың арта түскенін көріп, қатты қуанамын. Ұйымдастырушыларға маған артылған сенім үшін  шексіз алғысымды білдіргім келеді. Алдағы уақытта Қазақстанға туристер көптеп келіп, тамаша шаралар ұйымдастырылады деген сенімдемін! - деді Данэлия Тулешова

Естеріңізге салсақ, "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы Туризм Елшісі жобасын 2018 жылы іске қосқан еді. Былтыр маусым айында тұңғыш Туризм Елшісі ретінде Димаш Құдайберген тағайындалған болатын. Кейін, бұл дәрежеге ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев, ресейлік ғарышкерлер Анатолий Арцебарский,  Юрий Маленченко мен Юрий Батуриндер ие болған еді. Кейін, бұл дәрежеге әйгілі қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов ие болды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында IndyGuide ақпараттық саяхат порталының негізін қалаушы, Атахан Тосун қазақстандық туризмді дәріптейтін елші дәрежесін иеленген.  

Қазақстандық зілтемірші жеңіс тұғырынан көрінді
Шымкентте тағамнан уланған екі бүлдіршін көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу