Қазақстандық зілтемірші жеңіс тұғырынан көрінді

Oinet.kz 04-11-2019 673

Screenshot_3.jpg

Ауыр атлетикадан Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Быкова жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz-ке сілтеме жасаған Oinet.kz.

71 келі салмақа сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 210 келіні бағындырды (93+117).

Күміс жүлдені польшалық Иоланта Вьор (195 келі), қола медальді израильдік Марина Оман (175 келі) иеленген.

Ауыр атлетикадан Alexander Cup рейтингілік турнирі Гродно қаласында өтуде. Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.

Белгілі қаламгер Мағауия Сембай дүниеден өтті
Данэлия Тулешова Қазақстанның туризм елшісі атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу