Айгүл Мүкей алғаш рет қызы Хабибаны елге көрсетті

Oinet.kz 05-11-2019 1666

Screenshot_7.jpg

Кезінде "Хабар", "Ел арна" сынды арналарды басқарған танымал тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында көптеп бері жасырып келген қызының фотосымен бөлісті. 

Шамамен 1,5 жылдай бұрын қыз босанған Айгүл Мүкей оның есімін Хабиба деп қойғаны туралы ақпарат қана таратқан болатын. "Хабибаның әкесі кім?" сынды елді мазалаған сұрақты жауапсыз қалдырғанды жөн көрген еді. Бүгін парақшасында қызының суретін салған тележүргізуші оның әкесіне қатты ұқсайтынын жазды.  

"Бәріне сәлем, анасы болып Хабиба ханшайымымызды сіздерге таныстырғалы отырмын. Біз осындаймыз... Қарсы алыңыздар, әкесінен аумай қалғаны тағы бар. Айтпақшы бізге бүгін бір жарым жас. Хабиба сіздердің жылы тілектеріңізді күтуде", - деген ол өз жазбасында.

Алматыда Мұқағали Мақатаев жайлы фильм түсіріліп жатыр
Елбасы: «Нұр-Сұлтан қаласы бюджетке триллиондаған кіріс әкеліп отыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу