Алматыда Мұқағали Мақатаев жайлы фильм түсіріліп жатыр

Oinet.kz 05-11-2019

Screenshot_11.jpg

Алматыда ақын Мұқағали Мақатаев туралы фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп.

Алматының қақ ортасында қолшатырмен толып жүрген адамдар, тұрғындардың назарын аударды. Кейін бұл жерде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы фильм түсіріліп жатқандығы белгілі болды. Редакциямызға қала тұрғындары Абылайхан көшесінен Төле би - Бөгенбай батырға дейінгі көшенің жабылғанын айтып, суреттерін жіберді. 

«Қазақфильм» киностудиясы бұл ақпаратты растады. Мұзбалақ ақынға арналған көркем фильмнің режиссері - Болат Қалымбетов. Оның айтуынша, жаңа кинокартинада ақын өмірінің соңғы жылдары айшықталмақ. Көрермен Мұқағали Мақатаевтың есейген шағымен, Қазақ КСР Жазушылар одағы отырысында ақынның тағдыры шешілген сәтімен танысады. 

Бұл фильм ақын ғана емес, адамның тағдыры жайында болмақ. 

Фильмнің сценарийін Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов, Ғазиз Насыров жазды. 

Бұған дейін түсірілім Өскемен мен Санкт-Петерборда болды. Алматыдағы түсірілім аяқталған соң, шығармашылық топ Алматы облысына жол тартпақ.

Алматыдан 306 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Айгүл Мүкей алғаш рет қызы Хабибаны елге көрсетті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×