Ахметбек Нұрсила: «Баспана сұрайтындардың деңгейі суырдан да төмен» (видео)

Oinet.kz 12-11-2019 3712

«Бизнес бастау»  мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила, белгілі тренер  Алматы арнасындағы «Не істейміз?» бағдарламасына берген сұхбатында,  баспанасыздарды мүлдем адам санатына жатқызбайтындығы туралы ашық айтты,  деп жазады Oinet.kz порталы.

Ахметбек Нұрсилла.jpg

Асхат Садырбайға сұхбат берген бизнес тренер үйі жоқ адамдарды жануарлардан да төмен деп есептейтінін жайып салды.

«Мен үнемі айтамын, суырда да ін бар.  

Сол себепті кез келген адамның өз баспанасы болуы тиіс. Астында бір көлігі болуы тиіс. Не ішемін, не жеймін деген проблемаларды мүлде алып тастау керек. Сондықтан осындай өмір бар екеніне сену керек. Осындай өмірді сүю керек.

Суырда азғантай ғана ақыл бар. Соның өзінде біреудің ініне барып, бір түн түнеп шығайыншы, жалға ала тұрайыншы деген суырды көрмедім.

Мен Тарбағатайданмын, суырлы мекеннен. Ол жерде сеп-семіз суыр өз інінде бала-шағасымен тұрып жатыр.

Видео сілтемесі

Ал адам баласы суырдан ақылды ғой. Баспанаң болуы тиіс. Сен 30 жасқа келгенде өз баспанаң болмаса, суырдан күнің төмен деген нәрсе.

Адамда намыс болуы тиіс. Адамда ақыл-ой мен сана бар. Бірақ, бізді құртатын жалқаулық», - деді Ахметбек Нұрсила.

Айта кетейік, кәсіпкер 2009 жылдан бастап «Сапалы қазақ» ұйымын ашқан болатын. 

Рүстем Әбдраштың ұлы дүниеден өтті
Назарбаев мәжілісте сөйлеп жатқанда қызық жағдай орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу