Назарбаев мәжілісте сөйлеп жатқанда қызық жағдай орын алды

Oinet.kz 12-11-2019

Бүгін "Astana club-тың" пленарлық мәжілісі кезінде күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Sputnik-ке сілтеме жасаған  Oinet.kz тілшісі.

Қазақстанның тұңғыш президенті сөйлеп жатқанда Назарбаев орталығының төбесіндегі қар төмен қарай сырғып түсті. Шыны күмбездің астында отырған халықаралық сарапшылар бас кезінде не болғанын түсінбей қалды. Осы кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты жайында айтып жатқан. Ал сырғып жатқан қардың алғашқы дауысын естігенде бірден оның себебін түсіндіруге кірісті.

Нұрсұлтан Назарбаев.jpg

"Бұны Норман Фостердің жобасы бойынша әдейі солай салды. Шыны қызғанда қар төмен қарай кетеді (күлді)...Сондықтан біз өз саясатымызды өзгертпейміз. Ол көпвекторлы болып қала береді", - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.

Осы кезде төбедегі қар тағы төмен қарай сырғыды. Бірақ осы жолы оның көлемі көп болды. Залдың іші одан да қатты жаңғырып кетті. Ал залдағылар үн-түнсіз қалды.

"Бұл қалыпты жағдай...Рақмет", - деді Назарбаев.

Ахметбек Нұрсила: «Баспана сұрайтындардың деңгейі суырдан да төмен» (видео)
Назарбаев: «Менің биліктен бас тартуымды халық күйзеліспен қабылдады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу