Алматы қаласының әкімі: «Серік Күдебаевқа ескерту жасадым»

Oinet.kz 18-11-2019 922

Полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевқа Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.  

Бақытжан.jpg

17 қазанда кешкі уақытта Бақытжан Сағынтаев еш ескертусіз "Атакентте", "Мерей" СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди саябағында орналасқан мобиль пункттерді тексерді. Тексеру нәтижесін қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Полицияның мобильді постылары жөніндегі бастаманы жақсы қабылдаған қалалықтар өз жазбаларында учаскелік инспекторлардың постылардан көрінбейтініне шағымдануда. Олардың тек біреуінде ғана учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ, полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды. Атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынады. Алматылықтардың қауіпсіздігі - біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі", - деп жазды қала басшысы.

Руслан Дәленов: «Мемлекеттік қызметшілерді «Дипломмен ауылға» жобасына қосуды ұсынамыз»
Оралда азамат 60 джип жалдап әйелімен ажырасқанын тойлаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу