Оралда азамат 60 джип жалдап әйелімен ажырасқанын тойлаған
Оралда 60 қымбат джип көліктерін жалдап, кортеж ұйымдастырған ер адамның не себепті олай істегені анықталды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Сурет Мой город сайтынан алынды
Аягөзден Оралға жақында көшіп келген азамат осылайша өзінің әйелімен ажырасқандығын тойлаған көрінеді. Бірнеше күн бұрын ғана әйелі екеуі ажырасқан соң үйлерінен сатып, түскен ақшаны бөліп алған. Артынша бұл ақшаға ер азамат 60 жуық бағалы көлікті жалдап, саунаға бармақшы болған кезінде полиция қызметкелеріне ұсталыпты. Ескере кетерлік жайт, бір көлікті жалдау үшін ол сағатына 15-20 мың теңге төлеген.
Тәртіп сақшыларына оқиға туралы хабар облыс әкімдігінен келіп түскен. Әкімдік қызметкерлерінің сөздерінше, ер азамат мекеме маңында бұл ісімен жол кептелісін туғызған.


