Қазақстандықтардың 2,15 млрд теңге өсімпұлы кешірілді

Oinet.kz 18-11-2019 911

Биыл 507 472 жеке тұлғаның өсімпұлы есептен шығарылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

өсімпұлы кешірілді.jpg

«2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, 507 472 жеке тұлғаның өсімпұлы есептен шығарылды: олар жыл басынан бастап 12,1 млрд теңге сомасында негізгі борышын төлеген. Осының арқасында 2,15 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды», - деді Дәулет Жарылғасынов. 

Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп өңірлер - Түркістан облысы, Алматы және Шымкент қалалары. 

«Ең көп өсімпұл (971,6 млн) Алматы қаласынан есептен шығарылды. Сол секілді, Павлодар облысында - 174,3 млн теңге, Алматы облысында - 126,9 млн теңге кешірілді. Өсімпұлдың ең аз мөлшері Атырау облысында - 32,7 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында - 27,8 млн теңге жойылды», - деді Дәулет Жарылғасынов. 

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарының бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жұмыстары және өңірлерде, орталық деңгейде «салықтық рақымшылық» акциясы бойынша семинарлар жалғасуда.

Оралда азамат 60 джип жалдап әйелімен ажырасқанын тойлаған
Нұр-Сұлтандық оқушылар сабақтан босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу