12 жасында туған әкесінен зорлық көрген қыз өмірін айтып берді

Oinet.kz 22-01-2020 1375

Нұршаш Алдабергенқызы туған әкесі зорламақ болған сәтінде небәрі 12 жаста болған екен. Тас жүрек әкесі қайтыс болса да, өмірден жапа шегіп келе жатқанына 10 жыл болпты. Бұл жайында кейіпкер "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Жас тағдырын қор еткен әкесіне налынған 12 жасар қызына анасы да алғашында сенбеген екен. Әкесі дәрігер, емші болып істесе де, 2 қызын интимді әрекеттерге тартқан екен. Сөзінше, қарт адам 12 жастағы қызына әуретті жерін ұстатып, төсекке тартқан. Әкесінің осындай әрекеттерінен кейін Нұршаш бас сауғалап, балалар үйіне қашып кеткен екен.

Screenshot_1.jpg

"12-13 жасымда маған тиісе бастады. Шешіндіріп, сипайтын. Мамама шет жағасын айттым, ол сенбей қойды. Сондықтан үйден қаша бердім. Психикалық ауытқуы бар адам болған сияқты. Мамамнан 20 жасқа үлкен", - деді ол.

Келіншектің айтуынша, ер адам кенже қызын да қорламақшы болып, үлкен ұлын ұрып-соққан екен.

"Сіңліме де, бауырыма да тиісетін. 13 жаста болсам да, маған ана жеріме массаж жасап бер дейтін. Мен қорыққанымнан массаж жасадым. Ол кісі дәрігер болған. Кез келген адамды емдейді. Ертесі күні қайта сондай жағдай қайталана ма деп үйге келмей, қашып кеттім", - дейді Нұршаш.

Cтудияға келген әйелдің анасы о баста әкесінен қорлық көріп жүргенін айтқан қызына сенбегенін сөз етті.

Алайда кейіннен күйеуінің ерсі қылықтарынан кейін күмәндана бастапты.

"Ол емші болатын. Қытайдан келген. Әке-шешемнен айырылып, отырып қалған едім. Бұйырғаны осы шал болды. 32 жаста тұрмысқа шықтым. Сол кездің өзінде ол 55-терде болды.Бірінші жыл жақсы болды. Кейін бәрі шыға бастады. Қыздарымды өзім жуындырамын дегенді шығара бастады. "Сен дұрыс жумадың" деп шығарды. Содан күдік пайда болды", - дейді Нұршаштың анасы.

Сондай-ақ, егде жастағы әкесі оларға қарудан оқ атыпты. Ер адам туған ұлын 4 рет атқан екен.

"Бір күні ағам төсектің аяқ жағында отырған. Жастықың астында әкемнің тапаншасы тұратын. Ағам 17 жаста еді. Өсе келе папам одан қорқатын болды. Ағамның басынан атқалы жатқан кезде мамам арашалап қалып, оқ оның қолына тиді", - дейді келіншек.

Ең сорақысы, бауыры туған қарындастарын әкесінен құтқарамын деп абайсызда оны өлтіріп алған.

"Әкем маған тиіспек болды, мен балалар үйіне қашып кеттім. Кейін сіңліме тиісе бастады. Ол да үйден қашып кетті. Кейін анам бауырыма хабарласып, бәрін айтқан.Оны естіген ағам үйге келеді. Әкем құмалақ ашып, кімнің келетінін біліп отырған. Сол кезде оқ-дәрісін дайындап отырыпты. Ағам келген кезде, төбелесіп, оқ атылып, әкем қайтыс болды. Ал ағам әкесін өлтірді деп түрмеге қамалды. Ол бізді құтқармақ болды. Сол үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп күйінді кейіпкер.

Тоқаев Құлыбаевты қабылдады
Депутат кейбір қызметкерлердің жалақысын көтеру керектігін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу