Тоқаев Құлыбаевты қабылдады

e51c642485c65e017c30907a297cf5df.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндалды.

Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген «Үкімет бизнес үшін», «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Кеудесіне 4 рет пышақ сұққан»: Алматылық тұрғын тесіліп қарағаны үшін бейтаныс адамды өлтірген
  • Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2345 адамға жетті
  • Италияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам қайтыс болды
  • Тараз: 13 жасар қыздың асқазанынан 1 келіден асатын шаш алынды
  • 2020 жылы жұмыс істеген аналар үшін қандай көлемде декреттік төлем болады?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика