Депутат кейбір қызметкерлердің жалақысын көтеру керектігін айтты

Oinet.kz 22-01-2020

Мәжілісмен пошташылардың жетіспеуінен шалғайдағы ауылдарға газет-журналдар екі аптадай кешігіп келетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазпошта" АҚ пошташыларының айлығы елдегі ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге де жетпейді. Мәжіліс депутаттары пошта таситындардың жалақысын көтеруді сұрады.

Znalezione obrazy dla zapytania деньги

"Қазпошта" АҚ қызмет көрсетудің көптеген түрлерін жүзеге асырады. Қаржылық операциялар, тауарлар тасымалы, төлемдер, банктік қызметтің кейбір түрлері және тағы басқа қызметтерді жүзеге асыратын бұл ұйым табыстан, әрине, кенде емес. Міне, осылай бола тұра, пошташылардың жалақысы өте төмен деңгейде қалып қойғаны ақылға сыймайды", - деді Шаймардан Нұрымов өз депутаттық сауалында.

Айтуынша, Алматы облысына сапар аясында елдімекен тұрғындары пошташылардың жетіспеуінен хат немесе газет-журналдар екі аптадай кешігіп жететінін айтып шағымданған.

"Ауылдарда интернеттің жоқтығы немесе жылдамдығының төмен болуынан тұрғындар үшін баспа өнімдері ерекше маңызды орын алады. Бұл жерде негізгі мәселелердің бірі пошташылардың жалақысының төмендігі болып отыр. Тұрғындардың айтуынша, 12 мың мен 25 мың теңге аралығындағы жалақы қолданыстағы заңнамада бекітілген ең төменгі жалақы 42 500 теңге көлеміне сәйкес келмейді", -деді мәжілісмен.

Депутаттың сөзіне сенсек,  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында пошта таситындардың айлығы – 15 мың мен 28 мың теңге аралығында, Панфилов ауданында – 18-20 мың теңге, ал Ұйғыр ауданында 12-15 мың теңге арасында.

"Оның үстіне қазіргі кезде пошташылар ешқандай көлікпен қамтамасыз етілмейді. Қазпошта қандай заңнаманың негізінде пошташыларға осындай жалақы тағайындаған? Мұндай жұмыскерлердің жалақысын ұлғайту үшін қандай шаралар қарастырылып жатыр деген сұрақ туындайды", - деді Нұрымов.

Депутат бұл мәселені әріптестері бұрын да көтергенін еске салды. Бірақ жағдай өзгермеген.

12 жасында туған әкесінен зорлық көрген қыз өмірін айтып берді
9 жасар қыздың артынан аңдып келген ер адамнан айласы асып түскен (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×