9 жасар қыздың артынан аңдып келген ер адамнан айласы асып түскен (видео)

Oinet.kz 22-01-2020 1326

Кеше желіде кішкентай 9 жасар қыздың арқасынан бөгде ер азаматтың үйіне дейін жүріп келген видеосы тарап кеткен болатын. Жағдай Мәскеу облысында орын алған екен. 

Аталған видео тұрғын үйдің камерасына жазылып қалған. Бейтаныс ер адам кішкентай қыздың үйіне дейін соңынан ілесіп келеді. Кішкентай қыз кіреберіске кіріп, біршама жүргеннен кейін қуысқа бұрылып кетеді. Мұны артында келе жатқан ер адам байқамай қалған. Сөйтіп, лифтке қарай өтіп кетеді.

image.png

Ер адам кіреберіс есіктің ашылғанын естігеннен кейін артқа қарай жүреді. Осы уақыттың ішінде 9 жасар қыз далаға шығып үлгереді. Ал бірнеше секундтан кейін таныс біреумен үйге кіреді.

Желі қолданушылары кішкентай қыздың бұл әрекетіне таңырқасып, мақтап жатыр. Ал кішкентай қызды аңдыған ер адамның кім екені анықталды. Ол психоневрологиялық диспансердің тіркеуінде болған.

Видеоға сілтеме.

Депутат кейбір қызметкерлердің жалақысын көтеру керектігін айтты
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу