Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Oinet.kz 22-01-2020

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Бұл туралы Ақорадынң баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_6.jpg

Кездесуде Талғат Донақов президентке Жоғары сот кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады. 

Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.

9 жасар қыздың артынан аңдып келген ер адамнан айласы асып түскен (видео)
Бас Прокуратура: «Болат Бақауовтың ісі бақылауымызда»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×