Бас Прокуратура: «Болат Бақауовтың ісі бақылауымызда»

Oinet.kz 22-01-2020 1116

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қамауға алынған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты түсінік берді. 

Screenshot_7.jpg

- Прокуратураның өкілеттігі конституция аясында көрсетілген. Сондықтан барлығы да заңмен реттелген. Сотта прокурор өзінің қорытындысын жариялады. Сол қорытындыға сәйкес терегу соты ол күдіктіні екі ай қамау мерзіміне алды. Тергеу жұмыстарын бақылап отырмыз, - деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты Болат Бақауовты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарған болатын. Прокурор Бақауовтың ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша күдікке ілінгенін айтты.

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Түркістан облысында ер адам айыппұл тұрағындағы 8 көлікті өртеп жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу