Қанат Әлжаппар алғаш рет жұбайымен бірге сұхбат берді

Oinet.kz 23-02-2020 2449

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппар алғаш рет жары Нұргүлмен бірге сұқбат беріп, жұбайлар осыдан 11 жыл бұрын қалай танысып, жұп болғандарын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әзілкеш пен Нұргүл Құдайбергенова Жұлдыз Абдукаримованың YouTube арнасындағы "Отбасылық коннект" бағдарламасына қонаққа келді.

Сұқбат барысында қос ғашық бір-бірімен қалай танысқандарын әңгімеледі.

Screenshot_1.jpg

"Қызылорда қаласында, студент болып жүрген кезде таныстық. Колледжіміздің жанында бір дәмхана болатын, сол жерде таныстық", - дейді Қанат Әлжаппаров.

Нұргүл өнер иесімен таныспас бұры оны тек дискілерден көріп жүргенін айта кетті. Алайда шынайы өмірде кездескенде қуанышы қойнына сыймағанын жасырмады.

"Қанаттың КВН-де енді-енді жұлдызы жанып жүрген кезі. Өзіме көңілді жүрген адамдар ұнайтын. Ол кезде КВН-ді теледидардан көрсетпейді. Дискіден ғана көреміз, ал ол дискі Түркістаннан Қызылордаға үш айда бір рет келетін. Соны сатып алып, сіңлім екеуіміз көріп отырсақ, ол: "Мына қара бала жақсы ойнайды екен, бірақ түрі онша емес. Осы балаға сен үйленіп кетсең" деді. Ол кезге дейін мен Қанатты өмірде көрген емеспін. Жаңағы дәмханаға кіріп келгенде қатты қуанып кеттім. Негізінде Қанатқа үйленбесем де жанкүйері болып жүре беретін едім", - дейді Нұргүл.

«Самара-Шымкент» тасжолындағы апат салдарынан 4 адам қаза тапты
Туған қызын зорлап келген қаскөй 17 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу