«Самара-Шымкент» тасжолындағы апат салдарынан 4 адам қаза тапты

Oinet.kz 23-02-2020

23 ақпанда "Самара-Шымкент" тасжолының бойында көлік апаты болды. Салдарынан 4 адам мерт болды. Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды. 

апат.jpg

Тасжолдың 915 километрінде "Камаз" жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Volkswagen Sharan маркалы көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Volkswagen Sharan көлігінің бір жолаушысы жарақат алып, қалған төртеуі оқиға орнында мерт болды.  

Бұл орайда, Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден жолдың ережесін қатаң қадағалауға шақырады.

Көзі нашар, омыртқасы қисық ұрпақ өсіп келеді
Қанат Әлжаппар алғаш рет жұбайымен бірге сұхбат берді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×