Көшеге себепсіз шыққандар 26 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Oinet.kz 27-03-2020 2075

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап, үйден шығуға шектеу қойылады. Көшеге себепсіз шыққандар айыппұл төлейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

7182972778135d803bd9fa566b1c0046.jpeg

Қоғамдық көлік жұмысы бойынша әкімдіктер шаралар жиынтығын пысықтап жатыр. Жағдайға байланысты қоғамдық көлікке жүктеме болып, қозғалысы шектелуі мүмкін. Азаматтар үй жануарларын үйдің жанында серуендете алады. Егер басқа мақсатта шыққан болса, ескерту беріледі, одан кейін тыңдамаса 26500 теңге көлемінде айыппұл салынады. Тіпті, 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген, - дейді министр.

Айта кетейік, коронавирус індеті бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.

Түркістан: Өңірдегі тауар бағасына мониторинг жұмыстары өз жалғасын табуда
Коронавирус тарап жатқанда 435 мың қазақстандық шет елдерге шыққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу