Жанат Тәжиева Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болып тағайындалады

Oinet.kz 30-03-2020 1397

Шымкент қаласының 1 жылдан аса бос тұрған Білім басқармасына басшы болып Жанат Арысбекқызы Тәжиева тағайындалады, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі сенімді ақпарат көзіне сүйене отырып.

dalanews-tazhieva.jpg

Жанат Арысбекқызы – тәжірибелі педагог, білім саласында 30 жылдай уақыт еңбек еткен, сала үздігі. 8 жылдай Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментін басқарды.

Коронавирустың әсерінен озон қабатындағы жыртық жамалуда
Шымкентте жасөспірімді қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу