Алматылық бомждар туралы видеоға полиция түсініктеме берді

Oinet.kz 03-04-2020 1452

Үй-күйі жоқ кезбелер мен қайыршылардың "жоғалуын" Алматы полиция департаменті өкілі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© Тұрар Қазанғапов

Желіде алматылық үйсіздер қала сыртында түзде жаңбыр астында табылғаны айтылған видео пайда болды.

"Міне, қазір "Газельмен" әкеліп тастады. Жаңбыр жауды, бәрі қайда барарын білмейді, талдың арасында жатыр. Жас балалар, үлкен кісілер, шалдар, кемпірлер. Өзім байқаусызда көріп қалдым. Міне, олар жатыр. Тірі ме, білмеймін. 7-8 адам", - дейді видео авторы.

Баспанасы жоқ ер адамдардың бірі оларды қаланың әр жерінен жинап алып келгенін айтты. 

Қалалық полиция департаментінің өкілі видеодағы ер адамдар құқық қорғау органдарының көзіне түспегенін хабарлады.

"Алгоритмге сәйкес, қала сыртында тұрғылықты жері жоқ адамдар анықталған жағдайда олар Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізіледі. Бүгінгі таңда бұл орталықта 142 адам бар. Оның өзі 150 адамға арналған. Қала сыртындағы полицейлер видеодағы азаматтарды Алматыға жеткізген жоқ", - деді Алматы полициясы департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, үй-күйі жоқ кезбелер мен қайыршылардың жоғалғаны туралы ақпаратты алғаш рет Алматы қаласының әлеуметтік қызметкерлері хабарлаған болатын.

Шенеуніктер үйсіз адамдар қауіпті инфекцияны таратушы болуы мүмкін деген болжам айтқан еді, сондықтан олар үшін бөлек ғимарат дайындалды.

Еске салайық, 19 наурыздан бастап Алматыда карантин жарияланды. 22 наурыздан бастап қала толығымен жабылды.

Атыраулық дәрігерлер 27 наурыздан бері ауруханадан шықпаған
Назарбаевтың «Birgemiz» қоры 150 мың қазақстандыққа 50 мың теңгеден береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу