Назарбаевтың үндеуіне Мәжіліс төрағасы пікір білдірді

Oinet.kz 08-04-2020

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

e160e5df-f071-4ae2-9c21-a48f6e9c901a.jpg

- «Бүгін барша республикалық ақпарат құралдарында Тұңғыш Президенттің арнайы үндеуі жарияланды. Бұл үндеу Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрқашанда халқымен бірге екенін көрсетіп, халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін береді. Себебі Елбасының көреген саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдары бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, Қазақстанымыз барлық салада зор табыстарға жетті», - деді Н. Нығматулин 

Мәжілістің жалпы отырысында. Сонымен қатар ол еліміздің халқы көмекпен қамтылатынын атап өтті. «Сонымен бірге, болашаққа арналған Ұлттық қорымыз да бар. Бұл қазіргі күрделі кезеңде халқымызды, әрбір азаматты жан-жақты қолдауға мүмкіндік беріп отыр. Біз бірлікті, келісімді, тұрақтылықты сақтап, уақытша қиындықтан аман-есен шығатын боламыз», - деді Мәжіліс төрағасы. 

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. 

- «Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн», - деді Елбасы.

Медбике жылап тұрып видеоүндеу жасады
Суретшілер дәрігерлер мен полицейлерді қолдайтын челендж бастады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×