Суретшілер дәрігерлер мен полицейлерді қолдайтын челендж бастады

Oinet.kz 08-04-2020

Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина және полиция қызметкерлерін қолдауға суретші-иллюстраторлар да өз үлесін қосуда. Елімізде #covidillustrationkz челленджі болып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

c8ba4e52-9563-46ea-ad2c-1f601ee2dcba.jpg

- "Қазақ анимациясының атасы Әмен Қайдаров атындағы Amen Animation Film Festival шығармашылық командасы ойлана келе осындай жағдайда суретшілер, иллюстраторлар атынан жоба жасағымыз келді. Дәл қазіргі кезде басымыздан үлкен тарих өтіп жатыр. Осы жағдайды шығармашылық адамдарының көзімен бейнелегіміз келді. Сөйтіп  #covidillustrationkz деген челендж бастадық", - дейді киножобаның ұйымдастырушысы Мақпал Жұмабай. 

19b3aada-387b-48f5-bc6c-16f22ccc48b6.jpg

Оның айтуынша, челлендж басталғалы жұмыстар толассыз келіп жатыр. 

d7210790-8e38-4ce9-a7b8-c2d21d88a80b.jpg

- «Алғашқы жұмыстарды еліміздің алдыңғы қатарлы мультипликаторларымен бірігіп, ақылдасып жасаған болатынбыз. Одан ары өз еркімен салынған түрлі суреттер келіп жатыр. Бұл челленджді бастаған себебіміз - біздің өміріміз, денсаулығымыз, тыныштығымыз үшін күресіп жүрген дәрігерлердің, әскерилердің, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің қайсарлығын, жанкештілігін көрсеткіміз келді. Күткеніміздей, олардың күнделікті өмірдегі адамның көзіне көріне бермейтін ерлігін сипаттайтын неше түрлі иллюстрациялар келе бастады. Шындығында да қазіргі уақытта халқымыз үйде отыр, ал біздің тыныштығымды күзетіп жүрген бірнеше мамандық иелері бар. Әрине, алдыңғы шепте - дәрігерлер», - дейді ол. 

Оның айтуынша, мұндай иллюстрациялар салу біздің елмен қатар әлем бойынша жүріп жатыр.

2c39d5f1-f5d6-4458-8d72-84f81cbfa779.jpg

4b571de5-5ee6-4942-a41b-eb264d42f198.jpg

9f6665ef-5d90-48de-9449-3d61a6624ada.jpg

c3d58c27-d345-4662-9f61-f2e3a68e0e7f.jpg

cfef3177-c701-4fd1-a14a-edd3b23a1d65.jpg

f20af7a9-348a-4904-8e5b-3d1251369d1c.jpg

Назарбаевтың үндеуіне Мәжіліс төрағасы пікір білдірді
Сүйіктісін коронавирус жұқтырды деп ойлаған ер адам оны өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×