Қытайдан келген дәрігерлер Алматыдағы коронавируспен күреске жоғары баға берді

Oinet.kz 23-04-2020 1055

ҚХР-дан келген дәрігерлер оңтүстік астананың медициналық мекемелеріндегі жағдаймен танысып, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу әдістерін жоғары бағалаған. Шетелдік медицина мамандары Алматының коронавируске қарсы күресте тиісті шаралардың барлығын орындап жатқанына көз жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚХР дәрігерлерінің делегациясымен онлайн-режимінде коронавирусқа қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Қытайлық дәрігерлер оңтүстік астана ауруханадарындағы жағдаймен жіті танысып, қазақстандық әріптестері COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуде қандай тәсілдерді қолданатынын біліп қайтты. Сонымен қатар, шетелдік мамандар медицина қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту тренингтерін өткізді. Қытай делегациясының құрамында пульмонология, жұқпалы аурулар, қарқынды терапия, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар бар. Сағынтаевпен әңгіме барысында қытай мамандары қаланың COVID-19 қарсы күреске дайындығының жоғары деңгейін, жаппай тестілеудің маңыздылығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, азаматтардың коронавирус бойынша барлық әлеуетті байланыстары үшін карантиндік шаралардың маңыздылығын атап өтті. Оған қоса, қала тұрғындарының өзін-өзі оқшаулауы жақсы ұйымдастырылған амал екенін айта келіп, бұл инфекция ошағының ұлғайып, індеттің таралуына тосқауыл болудың бірден-бір жолы екенін жеткізді. 

Кездесуде науқастарды жаппай тестілеу, профилактикалық, емдеу және оңалту әдістерінің тиімділігі талқыланды. Медицина қызметкерлерін дайындау мен тұрақты оқытуға ерекше көңіл бөлінді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев КВИ-мен күресте көмек көрсетуге келген ҚХР мамандарына алғысын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Қытайдан Қазақстанға дәрігерлер ұшып келген болатын. Олар отандық медицина қызметкерлерімен коронавируспен күрес бойынша тәжірибесімен бөлісті. 

Бас мүфти ел тұрғындарын Рамазан айының келуімен құттықтады (видео)
​Елордалық бойжеткен алтыншы қабаттан секіріп кетпек болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу