Түркістандық дәрігерлер 1 айлық нәрестені аман алып қалды

Oinet.kz 29-04-2020 1578

Түркістан облысының дәрігерлері бұрын соңды болмаған отаны жасап, бір айлық нәрестені аман алып қалды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметіне сүйеніп Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.  

Screenshot_10.jpg

Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілген нәресте шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жатқызылған. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, дәрігерлер баладан жүректің туа біткен ақауы мен асқазан ішек жолдары және өңештегі тесік жарықтары барын санаулы уақыт ішінде зерттеп, анықтаған. Барлық қауіп-қатерлер мен асқынулар таразыға салынып, жасанды қан айналым жағдайында жүрек ақауын түзету және диафрагманың өңеш тесігіне операция жасау шешімі қабылданады.

Кардиохирургтар мен неонаталды хирургтардың білікті құрамы жасаған ота төрт сағатқа созылды. Нәтижесінде нәрестенің беті бері қарап, өміріне төнген қауіп сейілді. Бір ғажабы – нәрестенің өмірі үшін күрескен медицина мамандары отаның мұндай күрделі түрін өңірде алғаш рет жасаған. 

Бұл Түлкібас ауданындағы Балықты ауылының тұрғыны Дана Әшірбектің бесінші перзенті. Бөбегін қиын жағдайда дәрігерлер қолына тапсырған көпбалалы ана абзал жандардың біліктіліктеріне риза болып, алғыс айтты.

– Әр науқастың жанына желеу болып, қандай ауруға болмасын қарсы тұратын дәрігерлерге деген шексіз алғысымды білдіргім келеді. Баламның ауруына араша бола білген дәрігерлерге және медбикелерге шексіз ризашылығымды білдіріп, басымды иемін. Сіздер бізге шексіз бақыт сыйладыңыздар, – дейді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша мұндай диагноз науқастардың 20 пайызында кездеседі. Дегенмен, нәрестелер мен 3 айға дейінгі балаларға бірнеше күрделі ота жасау жоғары мамандандырылған диагностиканы және жоғары білікті мамандардың болуын талап етеді.

Ел басына күн туса...
Белгілі бапкер Головкинге "Канелоны" жеңуге болатын жалғыз жолды айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу