Белгілі бапкер Головкинге "Канелоны" жеңуге болатын жалғыз жолды айтты

Oinet.kz 29-04-2020

Америкалық белгілі бапкер Роберт Гарсия қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) қалай жұдырықтасу керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

image.png

- "Головкин не жасай алатынын білмеймін, бірақ ол тәжірибелі боксшы, Олимпиада жүлдегері. Оған ескі тәсілге қайта оралу керек шығар, ұпаймен жеңіп, комбинация жасап ұрып, тек бір соққыдан нокаутқа түсіруге тырыспай. Кәсіпқойдағы карьерасында Головкин барлық қарсыласын нокаутқа түсіріп отырды. Ол стилін ауыстырды. Қазір Геннадий - нокаут шебері, ол мексикалық стильде жұдырықтасады. Қазіргі таңда ол әр жекпе-жекте нокаут жасағысы келеді. Мүмкін оған өткенге оралып, әуесқойда дағдыланғандай жұдырықтасу керек шығар", - дейді Гарсия. 

Түркістандық дәрігерлер 1 айлық нәрестені аман алып қалды
Ананас сөзін екі буынды деп қателескен мұғалімді 1 сынып оқушысы байқап қалған (видео)

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×