Өмірқұл Айниязов құмар ойын ойнағанын жасырмады

Oinet.kz 14-05-2020 862

Карантин уақытында әншілердің біз білмейтін құпиялары ашылып жатыр. Олар тек ән айтып, той тойлаумен ғана жүрмейді, құмар ойынға әуестері де бар екен. Адал емес ақша екені болмаса, бұл да бір оңай олжаға кенелу емес пе?

Screenshot_7.jpg

Коңыр дауысымен халықтың сүйіп тыңдайтын әншісіне айналған Өмірқұл Айниязов автоматтарға ақша салып ойнап, достарымен бірге казиноға барған болып шықты.

«Шын айту керек, мен кезінде автоматтарда ойын ойнағанмын. Бұл автоматтардың қызып тұрған кезі еді. Автоматтар бастапқыда шыққан кезде оларға әуес болдық. Бірақ, үйді немесе бала-шағамның ақшасын салып жіберген емеспін. Тойдан түскен қаржының кішкентай бөлігін автоматқа салып ойнайтынбыз. Оны жасыра алмаймын. Ал казиноға өмірімде бір-ақ рет қана бардым. Содан кейін барған жоқпын. Мен қатты таңғалдым. Белдерін орап алып, осы жерде жүргендеріне бір жеті болғанын айтқан жігіттерді көрдім. Сол жерде тұрып, ойнай береді екен. Сол кезде достарыммен бірге бес жүз доллардай ақша алып шықтым. Кіру үшін үш жүз доллар болса, ар жағында тағы екі жүз доллар қостым. Сол бес жүз долларды ойнап, құртып шықтым. Бірақ, мен казиноға құмар емеспін. Достарым барайық деген соң, барғанмын. Мен әр нәрсені өз уақытымен істеймін. Өзімді керек кезде тоқтата алатын адаммын деп есептеймін», - деді әнші. 

Қылмыс: ең көбі Алматыда, ең азы Түркістанда
Біртанов вакцинация туралы маңызды ақпаратпен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу