Қылмыс: ең көбі Алматыда, ең азы Түркістанда

Oinet.kz 14-05-2020

Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың 1-тоқсанында 54 990 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,9 пайызға аз деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Республикадағы қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 118  қылмысты құрады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 10 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары қылмыс деңгейі Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Шығыс  Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында, ең төменгі Түркістан облысында байқалады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 119,8 пайызға  артты. Қылмыстар құрылымында олардың үлес салмағы 20,3 пайызды  (2019 жылдың 1-тоқсанында - 9,3 пайыз) құрады.

Бірінші тоқсанның нәтижелері бойынша тіркелген қылмыстардың ішіндегі ең үлкен үлесті меншікке қарсы қылмыстар алады  (72,7 пайыз),  олардың көпшілігі мүлік ұрлау  (23,7 мың оқиға). Айта кету керек, қылмыстың осы тобында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алаяқтық жағдайларының 10,2 пайызға өскені байқалады.

Адамға қарсы қылмыстар саны 3230 оқиғаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға аз. Сонымен қатар адам өлтіру саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,1 пайызғаға артты.

Республикада адам өлтіру деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 1,5 құрайды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 100 мың адамға шаққандағы адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында, ең төмені Түркістан облысында байқалады.

Түркістан облысын тағы да су басты (видео)
Өмірқұл Айниязов құмар ойын ойнағанын жасырмады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×