Бір-екі күн ерте қимылдағанның арқасында вирустың таралуын тұсаулай алдық – дәрігер

Oinet.kz 14-05-2020

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында медицина ғылымдарының докторы, ҚР жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешова Қазақстандағы коронавирустық жағдай өзге мемлекеттерге қарағанда едәуір жақсы екенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Қандай жағдай болмасын, біз салыстырмалы түрде қараймыз. Біздің елдің көрсеткіштері өзге мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда жақсы деуге болады. Бұл жұмыла көтерген істің нәтижесі. Бұған үкіметпен бірге халық та жұмыла ат салысты. Бір-екі күн ерте қимылдағанның арқасында біз вирустың таралуын тұсаулай алдық. Бір айта кететін мәселе, біздің ел мұндай дертпен алғаш рет кездесіп отыр. Себебі коронавирус деген тұтас топ қой. Оның бірнеше штамдары бар. Мысалы, Оңтүстік Корея, Сингапур, Қытай елдерін алсақ, олар 2002, 2012 жылдары "MERS", "SARS" атты вирус штамдарымен кездесіп, сол жылдары өте көп адам қаза болған еді. Бұл елдерде тәжірибе бар,  әбден үйреніп алған. Бұл жолы да пандемия басталды деген хабар келген бетте, тез оқшауланып, далаға шықпай, маска киіп жылдам әрекет етті. Ал біздің елде алғаш рет болып отырғанымен, біз де жылдам шара қолданып, вирустың алдын алу жұмыстарын жүргіздік. Халықтың дұрыс көзқарасы вирус жұқтырғандардың өзге елдерге қарағанда аз болуына әсер етті, - дейді дәрігер.

Динагүл Баешова кейбір адамдардың вирустың барына сенбей жүргенін де жасырмады. 

Елімізде коронавирус енді анықталып, сыртқа шықпау туралы ескертулер жасалып жатқан кезде, қонаққа, өзге қалаларға барып жатқандар болды. Олар жай тұмаумен ауырып жүрмін деп ойлап, өзгелерге вирус жұқтырып келгенін өздері де білмей қалған болар. Сонымен қатар, шетелден келіп жатқандар аз емес. Олардың кейбірі туыстарына ескертіп оқшауланып жатса, енді бірі үйіне қонақ шақырып, келген адамдардың бәріне вирус жұқтырған жағдайлар да тіркелді. Адамдардың көзқарасы әр түрлі. Дегенмен, бұл инфекцияның жұқпалы екенін, оның ішінде алдымен ағайын-туысқа жұғу мүмкіндігі жоғары екенін түсініп, шара қолданғандар баршылық, - деді дәрігер.

Динагүл Аяпбекқызы вирустан қорғану шараларын әлі де болса мұқият сақтау керегін еске салды.

Бұған дейін де талай айтылғандай, жеке бас гигиенасын сақтау, далада жүргенде көз, мұрын-ауызды қолмен ұстамау, түшкіру мен жөтелу әдебі және ең бастысы, арақашықтықты сақтау сияқты талаптарды естен шығармаған абзал. Дала ыстық, бетперде тағып жүргендер аз, дегенмен, арақашықтықты сақтау керек, - деді ол.

Бүгін фейсбук желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің туған күні
Ахметбек Нұрсила өзін «Нұрбот» дегендерге қарсы шығып жаңа партия құрмақ

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×