Бүгін фейсбук желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің туған күні

Oinet.kz 14-05-2020 1636

Бүгін Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, АҚШ бағдарламаушысы, филантроп Марк Цукербергтің туған күні. Ол 1984 жылы 14 мамырда дүниеге келген. 

image.png

2011 жылға сәйкес оның жеке қаражаты $17.5 миллиард деп есептеледі. Facebook негізін 2004 жылы Гарвард университетінің студенті Марк Цукерберг қалаған болатын. «Time» журналы аталған желінің негізін қалаушы сол кездегі 26 жастағы Марк Цукербергті «Жыл адамы - 2010» атағымен марапаттады. БАҚ-тар Жыл адамы ретінде Джулиан Ассанж аталуы мүмкін деп болжам жасаған еді. Бірақ Марк Цукербергтің атақ-абыройы «Әлеуметтік желі» фильмі экранға шыққаннан кейін арта түсті. Бұл фильм Facebook желісінің негізін қалаған жас жігіттің өз ісіне берік­тігін, еңбекқорлығын көрсетеді. Кейбір мәліметтер бойынша, Марк Цу­керберг әлемге танымал Билл Гейтстің өміріне еліктеп, Гарвард университетіндегі оқуын тастап, фрилансер болуға ұмтыл­ған.

Марк Цукерберг фейсбук желісінің негізін қалаушы тұлға ретінде қалғысы келмейді.  Бірінші кезекте ол, қауіпсіздік мәселелерімен айналысуды қолға алуда, яғни, бұл аккаунттарды бұзудан қорғау шаралары болмақ. Өйткені, пайдаланушылар жөніндегі ақпараттар жекелеген жағдайларда дүние табу, тіпті қылмыстық мақсаттар үшін қолданылады. Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіні құрушы өз жобасын алдымен тікелей эфир арқылы шығармақ болған екен. Бірақ, оның реті келмепті. Содан кейін істі бейне-блог арқылы жүзеге асыра бастаған.

Өзбекстан Сардобаны Қазақстанның келісімінсіз салған
Бір-екі күн ерте қимылдағанның арқасында вирустың таралуын тұсаулай алдық – дәрігер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу