«Бейсен» - деп ақ қағазға атын жаздым» - журналист Сандуғаш Дүйсенова

Oinet.kz 20-05-2020 3810

Танымал қазақстандық журналист Сандуғаш Дүйсенова досы әрі әріптесі Бейсен Құранбек о дүниелік болар алдында оған байланысты айрықша түс көргенін жеткізді. Журналист бұл жайтты тек жақсылыққа жоруға тырысқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы белгілі журналист Facebook парақшасында жариялады.

image.png

Сандуғаш Дүйсенова марқұм досына қатысты түсі жайлы өзінің Fаcebook парақшасында айтып берді. Жазбаға сәйкес, ол "Жетісу" телеарнасының директорын мамыр айының басында түсінде көрген. Журналистің сөзінше, ол түсінде ақ қағазға Бейсен Құранбектің атын жазған. Ол бір жайтты сезгендей болса да, түсін жақсылыққа жорыған екен. Алайда, кейіннен шатасқанын түсініпті. 

- "Ал енді түсімді айтайын. "Бейсен",- деп ақ қағазға атын жазыппын! Шошып ояндым. Сездім, бірақ жақсыға жорыдым! Ақ - қазақтар үшін тазалық, мейірімділіктің белгісі, ғой! Шатасыппын. Ақ түс Періштенің киімінің түсі болып табылады екен" , - деп жазды ол. 

Сонымен қатар, Бейсен Құранбек туралы естелігімен белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бөліскен болатын. Ол желіде әріптесімен кездескен сәтінен видео жариялап, елдің жүрегін елжіретті. Еске сала кетейік, кеше 18 мамыр күні танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында қайтыс болды. 

Бейсен Құранбектің Whatsapp мессенджерінде жазған соңғы хаттарының бірі табылды (фото)
Қоштаспаймыз: Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен кездесуінен видео жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу