Қоштаспаймыз: Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен кездесуінен видео жариялады

Oinet.kz 20-05-2020

Еліміздің белгілі тележүргізушісі Дана Нұржігіт жақын досы әрі жанашыр әріптесі Бейсен Құранбекпен кездескен сәтіндегі видеосымен бөлісті. Ол журналистика саласында өшпес орын қалдырған біртуар азаматпен өткен күндерін еске алып, халықты жылатты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Тележүргізуші Бейсен Құранбекпен кездескен сәтінің әсерлі видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Әсерлі бейнежазбада олармен бірге белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан да бой көрсетті. Онда бір дастархан үстіндегі журналистердің Бейсен Құранбектің әңгімесін қызыға тыңдап отырғанын көруге болады. Марқұм тележүргізуші әріптестеріне анасымен қалай қалжыңдасатынын айтқан. Видео соңында ол барлығына денсаулық тілеп, "қоштаспаймыз" деп орнынан тұрып кетеді. Бейсен Құранбек жұмыс сапарымен барып, әріптестерімен кездесіп қайтқан көрінеді. Бұл видео барша халықтың жүрегін елжіретті. Олар бейнежазбаны қарап, көздеріне жас алғанын жасырмады. 

Еске сала кетейік, 18 мамыр күні белгілі журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды. Тележүргізуші 49 жасына қараған шағында өмірден озды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Қоштаспаймыз!" деді Бейсен сол жолы...(2018ж.)

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

«Бейсен» - деп ақ қағазға атын жаздым» - журналист Сандуғаш Дүйсенова
Лотореядан халықты алдағандар Ахметбек Нұрсиланың шәкірттері болып шықты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×