Лотореядан халықты алдағандар Ахметбек Нұрсиланың шәкірттері болып шықты

Oinet.kz 20-05-2020 2692

Қалың жұртшылықты алдап, әншілерді қақпанға түсіріп, ұтыс ойнатып жүрген топтасқан жігіттер қауымы күллі қазақстандық әншілерді шегірткеге теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың шәкірттері болып шықты., деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

image.png

Ұтыс ойындарынан опық жеген халықтың қарасы аз емес. Әншілермен бірлесе отырып, лоторея ойындарын, қомақты қаржыға ойнатқан алаяқтар туралы мәліметтер белгілі болды. "Бұл іске Ахметбек Нұрсиланың тікелей қатысы болуы мүмкін бе!?", - деген сұраққа белгілі кәсіпкер өз жауабын беріп те үлгерді. 

-  Сен Алашты емес ақшаны, халықты емес қалтаны ойлап кеттің дедім де шығарып тастадым. Маған жасаған жаманшылығы жоқ. Бірақ, сөз де айтқан жоқ, қарсы да келмейді. Балам сияқты болды, - дейді кәсіпкер. 

Шәкіртерінің жасаған тірлігіне көзі жетіп, дәлелдер толып тұрса да кәсіпкердің ұялатын сиқы байқалмайды. Олардың кәсіптеріне төрелік еткен мен емес, - деді де басын ала қашты. 

- Егер де осы ойнатып жүрген адамдардың бәрінің үстінде мен тұратын болсам, бүкіл халықтың қарызы, қарғысы менің мойныма ілінсін, - деді Ахметбек Нұрсила. 

Қоштаспаймыз: Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен кездесуінен видео жариялады
15 жасар бала қарындасын өлтіруіне не себеп болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу