Кәсібінің нәсібін көруде!

Oinet.kz 29-05-2020

Screenshot_6.jpg

Ауданымыздың ауылшаруашылығы саласын дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкеріміз «Арман» шаруа қожалығының төрағасы Алимбаев Аңсаған ағамыз, мал шаруашылығын қосымша дамытуға көшті. 

Аңсаған ағамыз «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік  негіздері бойынша білімін жетілдірді. «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен Бизнес жоспарын әзірлеп, ауданымызда орналасқан «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген болатын. «Агробизнес» бағдарламасы аясында 30 бас сауынды сиыр, 13 бас сауынды бие сатып алып кәсібін жандандырып, халыққа өз қызметін көрсетуде. Салауатты өмір салтын ұстану үшін табиғи сүт өнімдерін халыққа ұсынуда. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Ата-бабаларымыз сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Бүгінгі таңда 2 азаматты жұмыспен қамтып, мал шаруашылығын дамытуда. 

Бүгінде Түлкібас ауданында облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасын сәйкес, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып кәсіпкерлікті дамыту шаралары жүйелі түрде іске асуда. Бұл шаралар өз кезегінде аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеріп қана қоймай төтенше жағдайдан зардап шеккен аудан экономикасын қалпына келуіне үлкен септігін тигізбек.

Түлкібас ауданында ауылшаруашылығын дамыту мақсатында көшпелі семинар кеңес өтті
Тоқаев маңызды үндеу жариялады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×