Димаш Құдайберген Қытайда жеңіске жетті

Oinet.kz 29-06-2020 1553

Димаш Құдайберген «Leading 2020 Sina Entertainment festival» рейтингінде үздік шетел артисі деп танылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_11.jpg

Димаш Қытай телеарнасындағы жаңа бағдарламаға қатысты Алматыда Димаш Құдайберген бейнеленген  мурал пайда болды Латвияда гүлдің жаңа сортына Димаштың есімі берілді Димаш Құдайберген магистратураны аяқтап, диссертациясын үздік қорғап шықты. 

7 және 28 маусым аралығында Қытайдың танымал Sina платформасында «Leading 2020 Sina Entertainment festival» жобасының қатысушыларына дауыс беру рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар - Sina News және Sina Entertainment. 21 күнге созылған дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш 1 млн 404 мың 488 дауыс жинап, «Ең үздік танымал шетел артисі» номинациясын жеңіп алды. 

Sina (қытай тілінде: 新浪; pinyin: Xīn Làng) – қытайлық интернет-компания. Ол дүниежүзіне қолжетімді хабар алмасу платформасын ұсынып отыр. Компанияның 4 негізгі қызмет бағыты бар: олар Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet. Sina-ның әлем бойынша 100 миллионнан астам тіркелген қолданушысы бар. «Бүгінде Sina компаниясы және оның платформалары Қытайдың медиакеңістігі мен көңіл көтеру саласына үлкен ықпалын тигізіп отыр. Sina Weibo – Twitter-ге ұқсас, Қытайдағы микроблогинг нарығының 56,5% қамтып отырған әлеуметтік микроблог-желі. Сонымен қатар, өздерінің сүйікті айдолдарына қолдау білдіру үшін жиналатын фанаттардың ең ірі әрі маңызды платформасы. Сонымен бірге, танымал адамдар Weibo желісінде жеке аккаунттар тіркеп, шығармашылығымен бөлісіп, фанаттарымен байланыс орнатады», - делінген ақпаратта. 

Screenshot_10.jpg

Мәлім етілгендей, «Leading 2020 Sina Entertainment festival» шарасының басты мақсаты – 2020 жылдың бірінші жартысында үздік деп танылған фильмдер, телебағдарламалар, музыкалық шығармалар және варьетемен көпшілікпен бөлісу. Осылайша, артистермен және олардың жұмыстарымен неғұрлым көп адам танысып, ойын-сауық индустриясының дамуына оң әсерін тигізеді.

Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев коронавируске шалдықты
Қуандық Шамахайұлы шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу