«75 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі» - Еңбек министрлігі жауап берді

Oinet.kz 06-07-2020 1614

Әлеуметтік желілердің бірінде 14 күндік карантин кезінде 75 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлеу туралы ақпарат пайған болатын. Бұл ақпарат жалған екенін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

- "Біз азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Жоғарыда айтылғандай, шектеулер кезеңінде төлемдер тағайындауға заңнамалық негізі жоқ. 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты болды", - деп түсіндірді еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Үкімет карантиндік жәрдемақыларды төлеуге негіз жоқ, деп мәлімдеді және қазақстандықтардан жұмыс істеуді жалғастыруды сұрады.

16 наурыздан 11 мамырға дейін жалғасқан төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан азаматтар айына 42 500 теңге (шамамен 105 доллар) әлеуметтік төлем алды.

«Коронавирус таратушы тікұшақтар» - Цой пікірін білдірді
Зиялы қауым өкілдері Тоқаевқа ашық хат жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу