«Коронавирус таратушы тікұшақтар» - Цой пікірін білдірді

Oinet.kz 06-07-2020 903

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тікұшақ арқылы қалаларға коронавирус шашып жүр деген жалған ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

image.png

- "Коронавирус пандемиясының қолдан жасалғаны туралы, коронавирус туралы статистиканы арттыру үшін ауада кейбір улы заттардың шашырауы туралы түрлі жарияланымдар бар. Одан бөлек, басқа да жалған, ғылыми емес ақпараттар таралуда. Халықтың жалған ақпаратпен алданбауы үшін қандай алдын алу шаралар қабылдануда?", - деп сұрады журналистер ОКҚ брифингінде. 

- "Бізде Қазақстанда әрдайым пікір білдіру бостандығы болған. Бұл азаматтардың өз пікірлерін білдіру құқығы. Бірақ біз нақты статистиканы басшылыққа алуымыз керек. Коронавирус қазір Қытайда алыс жерде болып жатқан  вирус емес. Әрқайсымыздың таныстарымыз, туыстарымыз, отбасы мүшелері, ауырып шықты. Әрбір азамат коронавирус инфекциясы бар екенін және оның өкінішке орай өлімге әкелетінін көруде. Сондықтан оны дәлелдеудің қажеті жоқ, өйткені бұл анық факт", - деп жауап берді Цой.

Ол азаматтарға Қазақстандағы нақты жағдайды білу үшін ақпараттың сенімді көздеріне сенуге кеңес берді.

- "Тікұшақтарды пайдаланып вирустарды шашырату" - бұл коронавирус пандемиясында жаппай тараған жалған ақпараттардың бірі. Қазақстандық фактчекерлер осы хабарламалардың шығуын зерттеген.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жасты еңсерді
«75 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі» - Еңбек министрлігі жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу