Қала әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты

Oinet.kz 29-07-2020 883

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі орынбасарын қызметінен босатты,  деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

photo_70111.jpeg

"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Ербол Садыр осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал Алмасбек Мамытбеков әкім орынбасары қызметіне биыл ақпанда тағайындалған. 

​ Әлеуметтік желілерде билеп жүрген дәрігерлердің видеосы таралуда
Өрт сөндіруші 10 жасар қызды судан құтқарып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу