Маңғыстау облысында дельтаплан құлады: Зардап шеккендер бар

Oinet.kz 20-09-2020 670

Маңғыстау облысында дельтаплан құлап, нәтижесінде бір адам зардап шекті. Ер адамға көмек көрсетуге оқиға орнына құтқарушылар тобы келіп жеткен.

image.png

Оқиға кеше, 19 қыркүйекте Қарақия ауданында орналасқан Шопан ата қорымына барар жолда орын алған. Бұл туралы Tumba.kz басылымы мәлімдеді. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына дельтаплан атты моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен.

ТЖД мәліметтерінше, дельтапланның құлауы нәтижесінде 32 жастағы ер адам зардап шекті. Азамат екі қолын сындырып, жардан өз күшімен шыға алмай қалған. 

Оқиға орнынан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бес құтқарушысы шыққан. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинисттік жарақтардың көмегімен оны жардан түсіріп, бірден ауруханаға жеткізді. 

Қазақстанда Телеграм жұмыс істемей қалды
Халықтың кредиті кешіріле ме: Мамандар жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу