«Ясауи ізімен» жобасы Сайрам өңірінен басталды

Oinet.kz 19-10-2020 965

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен "Ясауи ізімен" жобасы бастау алды.

image.png

Жобаның мақсаты  - түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауи тарихын дәріптеу, балалық шағынан бастап шәкірттеріне дейінгі толыққанды мәліметтерді топтастыру, тың деректер іздеу, насихаттау  болып табылады.

Осы орайда Қожа Ахмет Ясауидің бабасы Махмұт шайық, әкесі Ибрахим, анасы Қарашаш, ең алғашқы ұстазы Ақ Ата жерленген кесенелеріне тағзым етіп, тарихымен танысу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Махмұт шайықтың әулеті, яғни Ибрахим ата мен Қарашаш ананың отбасы қоныстанған, Ахмет Ясауидің кіндік қаны тамып, балалық шағы өткен қарашаңырақ орнында да түсірілім жұмыстары жүргізілді. Сапар барысында Сайрам тарихы музейі және тарихшылар мен көнекөз қариялардан да тың деректер жинастыру жұмыстары жүруде.

 "Ясауи ізімен" жобасының авторы - "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Алдағы уақытта, Ясауидің ұстаздары мен Қазақстандағы және шетелге таралған ізбасарлары жайлы зерттеу жұмыстары мен түсірілімдер жалғасын табады.

«Тегін таратылып жатқан маскалар есірткіге малынған» - Ішкі істер министрлігі түсіндірді
Оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрайды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу