Шымкенттік судья лайк баспаған әріптестеріне ренжіп қалды

Oinet.kz 21-10-2020 931

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинур Қарабаев Facebook желісіндегі парақшасында оған лайк басқысы келмейтін және пікір қалдырғысы келмейтін әріптестеріне арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz  Elitar.kz порталына сілтеме жасап.

image.png

- Мен әрқашан әріптестерімнің жазбаларын қолдауға тырысамын. Лайк басамын, пікір қалдырамын. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет алқабилер соты туралы бір жазба жарияладым, бірақ жазбада белгілеген әріптестерім мені қолдамады. Енді мен де оларға қолдау көрсетпеймін, - деп жазды судья Қарабаев.

Бұл жазбаның 18 қазанда жарияланғаны айтылады. Алайда БАҚ мәліметінше, судья кейінірек оны желідегі парақшасынан өшіріп тастаған.

Baigenews.kz порталының мәліметінше, судьяның бұл жазбасын желі қолданушылары қолдап жатыр. Судьялар мен адвокаттар осы жазбаны көрген соң Қарабаевтан кешірім сұрап, пікір қалдырып жатыр екен.

image.png

image.png

image.png

Айнұр Тұрсынбаева халықтан кешірім сұрады (жазба)
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу