Марқұм депутаттың соңғы ұсынысы орындалатын болды

Oinet.kz 23-10-2020 1093

Жақында қаза болған мәжіліс депутаты Глеб Щегельский парламенттің төменгі палатасында республикалық бюджет есебінен Ақтөбе облысындағы бес елді мекенді газдандыру туралы бастама көтерді.  Бұл туралы "Эврика" газеті жазды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Сол кезде жоба мақұлданбады және қаржыландырылмады. Алайда, бір күн бұрын мәжілісмендер Щегельскийдің ұсынысын қайта талқылап, оны әріптестерінің соңғы бастамасы ретінде қарастырып, қолдау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. 

- "Енді ақтөбелік тағы бес ауылдың тұрғындарында табиғи газ пайда болады", - деп жазады басылым.

Глеб Шегельский 51 жасында жүрек талмасынан көз жұмды.

Путин Таулы Қарабақта қанша адам қайтыс болғанын айтты
«Қазақстанда азық-түлік тапшылығы болмайды» - Ауыл шаруашылығы министрлігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу