Тоқаев тапсырма берді: «Полицейлердің жалақысы көтеріледі»

Oinet.kz 29-10-2020 850

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізді. Жиналыс кезінде Мемлекет басшысы тәртіп сақшыларының жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz Ақорда-ға сілтеме жасап. 

image.png

Президент полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. Тоқаев тәртіп сақшыларына баспана жалдауға өтемақы ретінде 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетінін жеткізді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбекақысы төмен екенін де атап өтті. Бұл көптен бері қордаланған мәселелерді бірі. Осыған орай, ол Үкіметке 3 жылдың ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берді. 

Депутаттарға ашықхат жіберетін сайт ашылды
Танымал спортшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаны рас па? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу