Түркияда жер сілкінісінен 12 адам қаза болды

Oinet.kz 31-10-2020 823

Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Измирдегі жер сілкінісінен қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы жаңартылған деректерді жариялады. Табиғи апат салдарынан 12 адам көз жұмды, 400-ден астамы жарақат алған. Түркиялық ведомствоның хабарламасын РИА Новости басылымы жария етті. 

image.png

Соңғы деректерге сәйкес, Түркияның Измир қаласында жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 12 адамға жеткен. Құтқарушылар қирандылар астынан адамдарды іздеуді жалғастыруда. 

Бұған дейін құтқарушылардың қирандылардың астынан 70-ке жуық адамды алып шыққаны хабарланған еді. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Кейінгі тәулікте пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу