Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылды

Oinet.kz 27-11-2020

Павлодарда автовокзал маңынан кішкентай бала табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Павлодарлық волонтерлердің айтуынша, бала 26 қараша кешке табылған.

- 8-10 айлық бала кешкі сағат тоғыз жарым шамасында вокзал маңындағы трамвай аялдамасының қасынан табылды, - деп мәлімдеді "Vita Павлодар іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің еріктісі Екатерина Кудрявцева.

image.png

Іздеушілер баланың фотосын Instagram желісінде жариялады. 

Олардың айтуынша, видеокамерадағы жазбаларға қарағанда оны бір әйел тастап кеткен. Бала Павлодардың облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, бала мамандардың бақылауында.

image.png

Кейін волонтерлар Павлодар полиция бөлімінің басшысымен бірге баланың анасының қайда екенін тапқанын хабарлады. Әйелді үш сағаттай іздеген. Қазір полицейлер баласын көшеге тастап кетуге не себеп болғанын анықтап жатыр.

Баланың есімі - Батыр, ол 1,3 жасар.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Salauat Iglikov (@salauatiglikov)

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Елбасы жаңа театр әртістерімен бірге ән шырқады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×