Келестік полицейлер үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған жас әйелді тапты

Oinet.kz 30-11-2020 855

Әйел.jpg

Келес АПБ-не  жергілікті тұрғын әйел арызданып, үйіне  қыдырып келген  тұрмыстағы қызының  із-түзсіз жоғалып, табылмай жатқандығын хабарлаған. Алғашқыда  жақындары  мен ата-енесі  өздіктерінен іздеп  әрекеттенген. Нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. 

Аталған жайтты келестік полицейлер бірден тіркеуге алып, жоғалған  келіншекті іздестіре бастайды. 

Іздестіру жұмыстарына учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Олар келіншекті тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырулар жүргізді.

Нәтижесінде полицейлер бейнекамера арқылы келіншектің  автокөлікке отырып,  Шымкент қаласына қарай кеткенін анықтады. Бір тәулік ішінде іс-түзсіз кеткен жас әйел  мегополисте қыдырып жүрген жерінен табылып, жақындарына жеткізілді.

Тергеу барысында анықталғандай  небары 6 ай бұрын отау тіккен  ерлі-зайыптылардың арасында өзара  кикілжің болған. Соның салдарынан  ашуға бой алдырған келіншек ешкімге айтпастан үйінен   белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бүгінгі таңда арнайы мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келіншек үйіне қайтарылды.

 Өз кезегінде келіншектің жақындары мен қайын жұрты дін аман  табылғанына қуанып, полицейлерге алғыстарын жеткізді. 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Жанболат Мамай Тасмағамбетовтың сенімді адамы екені рас па? (видео)
Алматының ең сұлу қызы кім екені белгілі болды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу